"Көмірші орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"кмм » Райымбек ауданының «Көмірші орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
«Көмірші орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Көмірші орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"кмм
16
май
2017

"Көмірші орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"кмм

«Көмірші орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»кмм
мекемесінің қасқаша тарихы.


Көмірші ауылының негізі ХХ ғасырдың 80 жылдарында қаланған.
Жолдыбай руын Көмірші аңғарына әкеліп орналастырған атақты Түгелбай болыс екен. Колхоздастыру кезеңінде мұнда Калинин атындағы колхоз деп аталатын ұжымшар құрылып, 1995 жылы таратылды, орнына жеке шаруа қожалықтары құрылды.
Алғашында 2 көшеден ғана құрылған ауыл, қазыр 5 көше, 1 мектеп үйі, 1 мед.пункт, почта үйі жұмыс жасайды. 150- ге жуық жанұя, 900 – ге жуық тұрғындары бар. Орта мектепте 180 оқушы білім алуда.
Енді осы ауылдағы ең ірі мемлекеттік мекеме орта мектептің тарихына көз салсақ, Көмірші ауылында сауатсыздықпен күрес жылдары 1930 жылдары қазір Иінсаз деп аталатын жерде алғашқы бастауыш мектеп ашылды. Мектеп үш бөлмелі ағаш үйде ашылып, мектеп директоры болып Жайлымысов Қайым деген орта білімді мұғалім қызмет етеді. Мектепте директордан басқа 1 адам Спатаев Әласқар деген азамат мұғалім болды.
1933 жылы мектеп үйі Көмірші ауылына көшіріліп, қазіргі Мағаз көшесінің бойына орналастырылды.
Қарт ұстаз, еңбек ардагері Нурмуханбетов Тұрысбектің айтуы бойынша 1933 – 1934 жылдары Көміршідегі бастауыш мектепте 35 бала оқыған. 1 – 3 сыныптарды Қайранбаев Дүйсенбай, 2 – 4 сыныптарды Мақабылов Әбу деген мұғалімдер оқытқан.
1934-1935 жылдары бастауыш мектепте барлығы 42 оқушы болған, оларға Тілесов Әбдікәрім, Шаханов Қайролла сияқты мұғалімдер сабақ берген.
1935-1936 жылдары оқушы саны 48 –ге жеткен, оларды Тілесов Әбдікәрім, Қайранбаев Дүйсенбай сынды мұғалімдер тәрбиелеп, сабақ берген.
1936-1937 жылдардан бастап мектеп директоры болып Керімқұлов Сатыбалды тағайындалып, ол кісі 1938 жылға дейін қызмет істеген, оқушы саны 40-50 – дей арасында болған.
Оқушыларға Керімқұлов Сатыбалды, Шубаров Кулайтбек, Шубаров Ұзақ, Тағаев Тәліп, Баймұханбетов Тәжібай, Кузембаева Зүбира сияқты ұстаздар сабақ берді.
1948 жылы Көміршідегі бастауыш мектептің орнына 7 жылдық мектеп ашылды. Мектеп директоры болып қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі ақынжанды азамат Нұрқабеков Нұрсадық тағайындалып, оқу ісінің меңгерушісі соғыс, еңбек ардагері Нурмуханбетов Тұрысбек болды. Шортанов Тақабай, Валентина Арзанкул, Асанов Әбдіқадыр, Раманқұлов Қуат сияқты білімді де білікті ұстаздар қызмет жасады.
1957-1958 оқу жылынан бастап мектеп директоры болып Нурмуханбетов Турысбек, оқу ісінің меңгерушісі болып Иманбердиев Рақыш қызмет атқарды, оқушы саны да көбейіп 70 балаға жетті, жоғары білімді мұғалімдердің саны өсіп, мектептің материалдық-техникалық базасы нығайды.
1959-60 жылдардағы білім саласындағы өзгерістерге байланысты Калинин атындағы 8 жылдық мектеп ашылды. Бала саны 102 –ге жетіп, тарих пәнінен Рамазанов Ғани, Нұрқабеков Нұрсадық, орыс тілі пәнінен Ултарақова Сауле, Шортанов Тақабай, бастауыш сыныптарға Миракимова Ажархан, Рамазанова Шәмшия, Нурниязова Тәшбүбі сияқты мұғалімдер сабақ берді.
1963 – 64 оқу жылында мектеп директоры болып Есжанов Кәрім тағайындалып, 1967 жылға дейін жемісті қызмет атқарды. Осы жылдан мектеп үйі қазіргі тұрған орнына жаңадан салынған кең де жарық бөлмелері бар бір қабатты мектеп үйіне көшірілді, мұғалімдердің саны 20-ға жетті.
1967 – 76 оқу жылдарында мектеп директоры болып Көмірші ауылының тұрғыны, аудандағы көп мектептерде директор болып қызмет істеген қазақ тілі әдебиеті пәндерінің маманы Оңдасынов Сламжан тағайындалып, оқу ісінің меңгерушісі болып Нурмуханбетов Тұрысбек болды. Мұғалімдер саны 30 – ға жетті.
1976 – 79 жылдары мектеп директоры болып Ниязова Клара қызмет істеді, мұғалімдердің саны 32-ге жетті, оқушы саны 300-400 аралығында болды.Дегенмен мектеп 8 жылдық болғанымен, 8 сыныпты бітіргендер басқа ауылдағы 10 жылдық мектептерге барып, туған-туыстарының, таныстарының интернаттарына жатып оқуларына тура келді.
1980 жылы Көмірші ауылының түлегі жоғары білімді дене тәрбиесінің мұғалімі Қанапияев Әметхан директор болып тағайындалып, 2009 жылға дейін еңбек етіп, 2009-2010 оқу жылынан бастап осы мектептің түлегі Нурмуханбетов Ерболат қызмет атқарып жүр.
1986 – 87 оқу жылында ауыл тұрғындарының санының өсуіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайларының жақсаруына байланысты оқушылардың санының артуына сәйкес 8 жылдық мектеп орта мектеп болып қайта ашылды.
1986 жылдан 1990 жылға дейін Нурмуханбетов Тұрысбек, 1990 жылдан 1997 жылға дейін Сабазбеков Мұқанбай, 1997-2001 жылдары аралығында жас маман, мұғалімдердің Облыстық байқауының жүлдегері Ырғынбаева Бағила, 2001 жылдан Кузембаев Марат оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істеп келеді.
Мектеп түлектері Мұқанов Ғалымжан жоғары оқу орнында сабақ берсе, Көлбаев Жаңабай кәсіпкер ретінде облыс,республика көлемінде танылып жүрген жандар.
Мектепте оқыған Есмолдаев Кәкен, Баймұханбетов Шайыхслам, Есмолдаев Кенжетай, Нурмуханбетов Кенже сияқты ақсақалдар ұзақ жылдар партия, кеңес органдарында, білім саласында жемісті еңбек етіп, қазір тірілері зейнеткерлер ретінде әлі де қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуда.
Осы мектепте оқыған қазіргі зейнет демалысындағы Өтегенов Сембек, Кузембаев Қайыпберді, Тұмабаев Жайлаубай, Султанбаева Нурке, Ысқақов Қазыкен т.б. ауыл тұрғындары түрлі шаруашылық саласында жұмыс жасап, тірілері қазір соның зейнетін көріп отыр.
2003-2004 оқу жылында оқушыларға 25 мұғалім сабақ берді, оқушы саны -226 болды. Жоғары білімді мұғалім саны – 21, арнаулы орта білімді мұғалім – 4. Жоғарғы категориялы мұғалім – 5, 1-ші категориялы мұғалім-9, 5 мұғалім Облыстық білім басқармасының, 12 мұғалім аудандық білім басқармасының Құрмет Грамоталымен марапатталған.
Мектепте ҚР оқу ісінің үздігі – 1, мектеп директоры болып қызмет істеген Қанапияев Әметхан.
Мектеп түлектері: Кунтубаева Ақтолқын мектепті «Қызыл аттестатпен» бітіріп, қазақтың Ұлттық Университетінің магистратурасын бітіріп, туған ауылында мектепте қызмет істеп жүр. Ал Жетыбаева Сания аталған университетінің физика факультетінің магистртурасын бітіріп, мектебімізде физика пәнінен сабақ береді, әрі аспирантураға түсуге дайындалуда.
2009-2010 оқу жылының түлектері Қазыкен Руслан Алматы мемлекеттік технология үниверситетінде, Бейсембай Елжас Алматы технологиялық университетінде оқып жүр, оқу озаттары.
Мектеп ұстаздары Иргимбаева Бағиланың, Жусамбаева Шолпанның, Игенова Кулшаттың, Сарсенбаева Сайлаукулдің озат тәжірибелері облыс, республика көлемінде таратылды.
1987 жылы сол кездегі Калинин атындағы колхоз өз күшімен екі қабатты еңселі мектеп үйін салып берді, мектепте оқу мүмкіндігі мен оқушылар екі ауысыммен оқиды.
2009-2010 оқу жылында мектепте 29 мұғалім қызмет жасаса, 2010-2011 оқу жылында 31 мұғалім жұмыс істеп отыр. Оқушы саны – 180, жоғары категориялы мұғалім – 3, 1 категориялы мұғалім – 9, 2 санатты мұғалім – 13
Мектептің қысқаша тарихы .
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
RichardAvawl
26 июля 2022 07:38
качество нормальное я думал что буде хуже но ошибался и рад этому)


-------
купить луковицы тюльпанов для выгонки оптом


В этом что-то есть. Теперь всё понятно, спасибо за объяснение.


-------
купить недорого орхидею с доставкой


БАЯН


-------
частное строительство в сочи


мне понравился...советую,тем кто не смотрел,посмотрите обезательно - неразачируетесь


-------
станки и инструменты


Восполнить пробел?


-------
https://www.mayflor.ru/category/bukety/iz-mattioly.html


Извините, что я вмешиваюсь, но мне необходимо немного больше информации.


-------
кухня мдф на заказ


перебор)


-------
BUSCH distributor


Согласен, очень хорошая информация


-------
https://www.sadoviy1.ru/mnogoletniki/derbennik.html


Конечно. Я присоединяюсь ко всему выше сказанному. Можем пообщаться на эту тему. Здесь или в PM.


-------
туя западная купить


Чиста Правда!


-------
накрутка просмотров Instagram